Павлодар облысындағы Ленин кентінің атауы енді қазақшаланбақ

04.07.2023, 19:02
1100
Павлодар облысындағы Ленин кентінің атауы енді қазақшаланбақ baigenews.kz

Павлодар облысында Ленин кентінің атауы Атамекен болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамисова айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Оның айутынша, биыл Ленин кенті тұрғындарының кенттің атауын өзгерту туралы көптеген өтініші қаралды.

Түскен өтініштердің негізінде жалпы 4 атау қаралды: Атамекен, Бидайық, Жетінші ауыл, Қазанғап би. Нәтижесінде жергілікті қоғамдастықтың 49 мүшесі Қазанғап би және Атамекен деген екі атаудың ішінен дауыс беру арқылы Ленин кентін Атамекен кенті деп қайта атауды қолдады. 41 адам қалыс қалды, – деді Айгүл Нұрғамисова.

Былтыр сәуірде Павлодар қаласына қарасты Ленин, Кенжекөл, Павлодар, Мойылды ауылдарының идеологиялық тұрғыдан ескірген 61 көшесінің атауын өзгерту бойынша елді мекендерде жиналыстар өткізілген.

Нәтижесінде Мойылды ауылында – 1, Кенжекөл ауылында – 10, Ленин кентінде – 11, Павлодар ауылында 34 көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныс ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тауып, хаттама қабылданған. Биыл тиісті құжаттар облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. 61 көше бойынша ұсыныстар қабылданса, көшелер ұлттық санаға жақын атауға ие болады, – деді бөлім басшысы.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол