Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған форумда Президент қандай мәселелерге тоқталды

05.07.2023, 11:10
781
Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған форумда Президент қандай мәселелерге тоқталды akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана күні қарсаңында бауырлас қала басшыларының қатысуымен форум басталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгінгі болып жатқан айтулы шараға бауырлас қалалардың басшылары бас қосты. Одан бөлек елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Президент Астананың өткені мен бүгініне тоқтала кетті. Әуелі Астананың көшірілуі оқиғасына тоқталды. "Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды" деп баға бере отыра, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл істегі еңбегін елеп-ескерді. 

"Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек.

Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек. Бұл – еліміздің болашағына тікелей қатысы бар мәселе", - дейді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Елордадағы білім беру, денсаулық сақтау нысандары, мәдени-демалыс мекемелері, саябақтар мен қоғамдық орындар қаланың барлық тұрғынына бірдей қолжетімді болуын сеніп тапсырды. Қаланы ілгері дамыту үшін орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейтінін баса айтты. Бірқатар мәселелер мен жетістіктерді тізіп өткен Президент қаланы көркейту үшін астаналық жастарға үлкен үміт артатынын жеткізіп, сөзін қорытындылады.

"Қуатты қалалар – ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші. Сондықтан біз бұл мәселеге баса мән береміз. Осындай жиындар тәжірибе алмасып, өзара тиімді байланыстар орнатуға жол ашады.

Астанаға арнайы келіп, форумның жұмысына атсалысқан қонақтарға тағы да ризашылығымды білдіремін. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.
Бұл басқосу достық қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін берері сөзсіз. Қалаларымыз көркейе берсін! Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Астана күні құтты болсын!", - деп қорытындылады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды