Жеке куәлік, паспорт берілгенде қазақстандықтардан саусақ ізі алынады

05.07.2023, 14:42
925
Жеке куәлік, паспорт берілгенде қазақстандықтардан саусақ ізі алынады smartnews.kz

Келер жылдың 1 қаңтарынан жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатын беру кезінде оның иесінен саусақ іздері алынбақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасы азаматының, оның ішінде адамның азаматтығы мен заңды мекенжайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңында белгіленген жағдайлар бойынша 12 жастан асқан құжат иесінің саусақ іздері туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ішкі істер министрінің бұйырық-жобасында.

Сондай-ақ құжатта жазылғандай, саусақ іздері азаматтардың жеке куәлігінде, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатында, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне де орналастырылады.

«Бұл – «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабының күшіне енуіне байланысты», - деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 20 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген