Картамен - 100, қолма-қол - 200 теңге: Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін

05.07.2023, 15:21
720
Картамен - 100, қолма-қол - 200 теңге: Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін smartnews.kz

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеру ұсынылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бағаның қымбаттауы қоғамдық көлікте белгіленген және нақты жол жүру құны арасындағы айырмашылықты субсидиялайтын бюджетке түсетін жүктемені азайту қажеттілігімен байланысты.

Жаңа тарифтер төмендегідей:

Көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы төлеу – 100 теңге (қазір 80 тг);
Қолма-қол төлем 150-ден 200 теңгеге көтеріледі.

Қала әкімдігі қаулысының жобасында қоғамдық көлікті субсидиялау жергілікті бюджетке үлкен әсер ететіні көрсетілген. Егер баға сол күйінде қалдырса, субсидия мөлшері өседі. Сондықтан жол ақысын өсіру мемлекет бөлетін қаржы көлемін қысқартады деп жоспарланып отыр.

"Ағымдағы жылы тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес тарифтің орташа құны 425 теңгені құрайды. Осыған байланысты 2023 жылы тарифтің құнын қайта қарау және оны қолма – қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге және қолма-қол төлеу кезінде 200 теңге мөлшерінде белгілеу қажеттігі туындайды. Мұндай жағдайда субсидиялаудың болжамды көлемі 2023 жылы 10 млрд теңгеге қысқарады", - деп хабарлады Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасы.

Сондай-ақ жоба 21 шілдеге дейін талқылаудан өтпек.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды