Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрадық - СІМ

05.07.2023, 15:46
821
Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрадық - СІМ inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу швейцариялық дерегациядан Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін ведомство басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассиспен кездесті.

«Кездесу барысында туристік салада жарнамалық науқандарды ұйымдастыру арқылы бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейту жолдарын да ортаға салдым. Көптеген еуропалықтармен қатар, Швейцария азаматтары да бес жылдан астам уақыттан бері Қазақстанға туристік немесе іскерлік виза рәсімдемей келе алады. Осыған байланысты, Кассис мырзадан Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі ресми консультацияларда қолдау көрсетуді сұрадым», - деді Мұрат Нұртілеу елордада өткен брифингте.

Сыртқы істер министрі қос елдің мүддесін қамтитын салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың болашағы зор деген ортақ ойға келгендерін атап өтті.

«Қос тараптың бірегей мақсаты – Астана мен Берн арасындағы сан-қырлы әріптестік өрісін кеңейту бағытында нық қадамдар жасалатынына күмәнім жоқ. Осы кездесудің қорытындысы екі ел арасындағы байланыстарды күшейтуге қосымша серпін беретініне сенімдімін», - деді М. Нұртілеу.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады