981

25 жасқа толған Астана туралы 25 дерек

Ұлттық статистика бюросы Астананың 25 жыл мерейторына орай, бас қаламыз жөнінде 25 деректі ұсынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

25 жасқа толған Астана туралы 25 дерек
smartnews.kz

6 шілде - Елорда күні. Жыл сайын қала күні республика деңгейінде ерекше аталып өтеді. Биыл Елорданың 25 жыл толуына орай, жас қалаға қатысты сандар бойынша Ұлттық статистика бюросы мынадай деректерді ұсынды:

1. Халық саны – 1 376 528 адам (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)
2. Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 52,3% – әйелдер, 47,7% – ерлер
3. Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар
4. 25 жыл ішінде Астанада 430,1 мың бала дүниеге келді
5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 444,4 мың, оның 229 мыңы – ұлдар, 215 мыңы – қыздар
6. 25 жыл ішінде елордада 181 мыңнан астам неке тіркелді
7. Қартаю индексі – 15,6 (100 балаға 65 жастан асқан келетін қарттар саны)
8. Тұрғынның орташа жасы – 30,4 жас 
9. Күтілітені өмір сүру ұзақтығы – 77,3 жас 
10. 25 жыл ішінде мектептер саны 116 бірлікке өсті. 48-ден 164 бірлікке дейін
11. ЖОО саны – 14 бірлік
12. Театрлар саны – 9 бірлік
13. Мұражайлар мен кітапханалар саны – 32 бірлік
14. Жалпы өңірлік өнімнің республикалық көлемдегі үлесі – 10,2%
15. Тіркелген заңды тұлғалардың саны – 97602 бірлік (2023 жылғы 1 маусымға)
16. Шағын және орта бизнес саны – 89 428 бірлік (2023 жылғы 1 маусымға)
17. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,2 мың (Республика бойынша 1-орын)
18. Экономикадағы жұмыспен қамтылған халық – 655,3 мың адам (2023 ж. 1-тоқсан)
19. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы – 239,8 мың теңге (2022 жылғы IV тоқсандағы есеп бойынша)
20. Тұрғын үйлер саны – 29,6 мың (2022 ж.)
21. Автокөліктер саны – 334,6 мың (Республика бойынша 3-орын)
22. Интернет желісіне тіркелген абоненттер саны – 317,4 мың бірлік
23. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны – 685 бірлік (Республика бойынша 1-орын)
24. Қонақ үй бизнесі 2022 жылы 238,5 мың шетелдікті қабылдады
25. 5 жұлдызды 6 қонақ үй бар

Материал авторы