Астана дәмханаларына ит етін сатқан адам сотталды

05.07.2023, 18:13
355
Астана дәмханаларына ит етін сатқан адам сотталды polisia.kz

Шортанды ауданында иттерді заңсыз атумен және олардың етін сатумен айналысқан тұрғынға сот үкімі жарияланды. Бұрынғы ветеринария қызметкері 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарларға қатыгездік жасау туралы қылмыстық іс 20 ақпанда тіркелген. Белгілі болғандай, Шортанды ауданы Дамса ауылының 41 жастағы тұрғыны қаңғыбас иттерді аулап, етін сатумен айналысқан. Полиция ер адамның үйін тінту кезінде 750 келі ит етін тапты.

Полицияның хабарлауынша, елордалық кафелердің бірі қаскүнемнен 150 келіге жуық ет сатып алған, ол үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлеген.

«Полицейлер анықтағандай, ер адам бұрын ветеринария қызметінде жұмыс істеген және иттерді қалай атуға болатынын білген. Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту барысында «Аделин-супер» препараты бар 26 дротик, 190 дротик салынған 19 пластина, инесі бар шприц, тұтқыш табылды және соттан кейін бәрі жойылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен бірге, полицейлер Шортанды аудандық полиция бөлімі тергеушісінің жедел жұмысын атап өтті, ол төрт томдық материалды екі апта ішінде сотқа жіберген.

«Шортанды ауданы сотының үкімімен ер адамға қатысты 200 АЕК, яғни 690 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қазіргі уақытта бұл айыппұл төленді. Азаматтарға заңсыз атуға және жануарларға қатыгездікпен қарауға заңмен тыйым салынғанын еске саламыз», - деп түйіндеді полиция.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады