Каспий құбыр консорциумы Теңіз мұнайын тасымалдауды қайта бастады

05.07.2023, 19:39
906
Каспий құбыр консорциумы Теңіз мұнайын тасымалдауды қайта бастады smartnews.kz

Теңіз кен орнын Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портымен байланыстыратын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбырымен мұнай қайта тасымалдана бастады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Маңғыстау мен Атырау облысының электр желісіндегі ақаудан кейін КҚК-ның мұнай айдау станциялары апатты түрде ажыратылған. Қазір КҚК-ның энергиямен жабдықтау жүйесіндегі кернеу тұрақтанған.

«Теңіз және Атырау мұнай айдау станциялары қайта іске қосылды. Консорциум Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды қайта бастады. Мұнай құбырына шикізат негізінен Батыс Қазақстандағы кен орындарынан қабылданады. Құбырдағы мұнай Қара теңіздегі Новороссийск портына таяу орналасқан Оңтүстік Озереевка ауылындағы терминалына дейін жеткізіледі. Кейін әлемдік нарыққа жөнелту үшін танкерлерге тиеледі», - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметінен.

Өткен жылы Теңіз–Новороссийск құбыр желісімен 58,7 млн тонна мұнай тасымалданған. Оның ішінде 52,2 млн тоннасы Қазақстан аумағымен өткен.

«Каспий құбыр консорциумының құбыр желісіне Теңіз кен орнынан – 29 млн, Қашағаннан – 12 млн, Қарашығанақ кен орнынан 10 млн тонна мұнай қабылданды. Консорциумның теңіз терминалында 527 мұнай құю кемесіне мұнайды ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті», -деп мәлім етті компаниядан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады