Нидерланд мектептерінде мобильді телефонға тыйым салынбақ

06.07.2023, 09:56
671
Нидерланд мектептерінде мобильді телефонға тыйым салынбақ smartnews.kz

Нидерланд мектептерінде мобильді телефонға тыйым салынады. Портативті техника голландиялық оқушылардың үлгеріміне зиянды деп тапқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерланд мектептерінде мобильді телефон пайдалануға тыйым салу енгізіле бастады. Елдің білім министрлігі түсіндіргендей, бұл шара балалардың сабақтан басқа нәрсеге алаңдамауына септігін тигізеді. Оқу мекемелері үкіметтің бастамасына қолдау білдіріп, шектеуге келісім берген.

«Біз заң жүзінде тыйым салмаймыз. Бұл талаптың әсері қандай болатынын мұқият байқап көрмекпіз. Әрине, қашанда заңды шектеулерді енгізуге болады. Бірақ, менің ойымша, біз өзара келісімге келе аламыз», - дейді Нидерланд білім министрі Роберт Дейкграаф.

Алайда, оқушылардың көбі бұл идеяны қуана қабылдап жатқан жоқ. Олар телефонның қажеттігін алға тартады.

Мектептерде мобильді телефондар, планшеттер мен «ақылды сағаттарды» пайдалануға тыйым салу 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Нақты шектеулер мұғалімдермен, балалармен және олардың ата-аналарымен де келісе отырып енгізіледі деп жоспарланған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді