Жапония «Фукусима» атом электр станциясының радиоактивті суын мұхитқа ағызбақ

06.07.2023, 11:09
733
Жапония «Фукусима» атом электр станциясының радиоактивті суын мұхитқа ағызбақ CNN

Жақын арада Жапония тазартылған радиоактивті суды мұхитқа ағызуды жоспарлап отыр, ол үшін МАГАТЭ-ден рұқсат алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Радиоактивті суларды мұхитқа ағызу жоспары жылдар бойы әзірленді және 2019 жылы Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі «елде басқа амал жоқ» екенін айтқан, «өйткені ластанған суды ағызу үшін орын жеткіліксіз».

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси сейсенбі күні Жапонияға барды. Ол «Фукусима» атом электр станциясында болып, Премьер-Министр Фумио Кисидаға дайындалған сулардың қауіпсіздігі туралы есеп ұсынады.

Бірақ, БҰҰ-ның мақұлдауы 2011 жылғы апаттың салдарын әлі де сезініп жатқан көрші елдердің тұрғындары мен жергілікті балықшыларды алаңдатады.

Жапония неліктен мұндай шешім қабылдады?

2011 жылғы жойқын жер сілкінісі мен цунами «Фукусима» атом электр станциясының электрмен жабдықтау және салқындату жүйелерін зақымдап, реактордың қызып кетуіне және станция ішіндегі судың жоғары радиоактивті материалмен ластануына әкеп соқты.

Содан бері реакторлардағы отын қалдықтарын салқындату үшін жаңа су айдалды. Сонымен қатар, жерасты сулары мен жаңбыр сулары ағып, радиоактивті ағынды сулар пайда болды, оларды тазарту және сақтау қажет.

Tokyo Electric Power Company (TEPCO) мемлекеттік электр компаниясы 1,32 миллион метрикалық тонна ағынды суды сақтауға арналған 1 мыңнан астам үлкен резервуар салды, бұл 500-ден астам олимпиадалық бассейндерді толтыруға жеткілікті.

Радиоактивті суды ағызудың қандай қаупі бар?

Радиоактивті ағынды сулардың құрамында қауіпті элементтер бар, бірақ TEPCO мәлімдеуінше, олардың көпшілігін жоюға болады. Мәселе сутегінің радиоактивті тритий деп аталатын изотопында, оны жою мүмкін емес. Қазіргі уақытта ондай технология жоқ.

Бірақ, Жапония үкіметі мен МАГАТЭ ластанған су сұйылтылып, ондаған жылдар бойы баяу босатылатынын айтады. Айтуларынша, бұл шығарылатын тритийдің шоғырлану басқа елдер рұқсат еткен мөлшермен бірдей немесе төмен болады және халықаралық қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

МАГАТЭ есебінде «тазартылған судың теңізге ағуынан адамдар мен қоршаған ортаға радиациялық әсер шамалы болатыны» айтылады.

Канаданың ядролық қауіпсіздік комиссиясы тритийдің теріге өтуі тым әлсіз екенін, бірақ «өте жоғары мөлшерде тұтынған жағдайда қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін» екенін айтады.

Ал, АҚШ-тың ядролық реттеу комиссиясы «радиацияның кез келген әсері денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін» екенін мәлімдеді, бірақ сонымен қатар «барлық адам күн сайын аз мөлшерде тритий әсеріне ұшырайтынына» тоқталады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады