Адамдар жаппай уланған «Ризық Рауаны» қызметкерлерінен қоздырғыш аурулар анықталды

06.07.2023, 12:18
870
Адамдар жаппай уланған «Ризық Рауаны» қызметкерлерінен қоздырғыш аурулар анықталды smartnews.kz

Маусымда Кентауда тұрғындардың фаст-фуд өнімдерінен улану фактісі бойынша жаңа дерек шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Маусым айында Кентаудағы «Ризық Рауаны» тамақтану орнындағы тағамнан уланғандар саны күрт артқан болатын. Тексеріс барысында ондағы бірнеше қызметкерден сальмонеллез бен стафилококк қоздырғышы анықталған.

Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, уланғандар саны 100-ге жетті. Олардың 40-тан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Уланғандар арасында жүкті әйелдер де бар.

Бүгінгі таңда 25 науқас амбулаториялық ем қабылдауда. Ал 8 адам Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Стационарлық ем қабылдаған 67 науқас үйлеріне шығарылған. Дегенмен барлығы да дәрігерлер бақылауында.

«Зертханалық тексеру нәтижесінде тамақтану орнындағы  2 қызметкерден сальмонеллез, 6 қызметкерден стафилококк ауруының қоздырғышы анықталды. Сонымен қатар дәмханадан үйге әкетілген 3 чикеннен сальмонеллез инфекциясы анықталды» - дейді департамент өкілдері.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың тамыз айында дәл осы орыннан 8 адам, қазан айында 168 адам уланған болатын. Аталған деректер бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданған. Ал үшінші жағдайдан кейін тексеру жүргізіліп, нәтижесінде нысанда өндірістік бақылау бағдарламасы жоқтығы анықталған.

Сонымен қатар қызметкерлер (аспаздар, аспазшылар мен даяшылар) алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпегені белгілі болды. Жұмыс жасайтын 20 қызметкердің тек 12-сінде ғана медициналық кітапшалары болған.
Бұдан өзге шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес. Өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлардың орнасу реті сақталмаған. Ет және құс ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер барлығы бір тоңазытқышта араласа сақталған. Жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс арналмаған, өнімдердің жарамдылық мерзімдері өткен. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді