Нидерландта дауыл салдарынан 400-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

06.07.2023, 13:26
671
Нидерландта дауыл салдарынан 400-ден астам әуе рейсі тоқтатылды euronews.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты халықаралық Схипхол (Амстердам) әуежайында 400-ден астам рейс тоқтатылды. Автокөлік, автобус және теміржол қатынасы бұзылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерландта «Поли» дауылы күшейіп тұр. Харлеме қаласында бір адам қаза тапты: күшті желден әйел адам отырған көлікке ағаш құлаған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлерінің қызметіне қарамастан, жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Корольдіктегі бірқатар провинцияда ауа райы қаупінің ең жоғарғы «қызыл» дәрежесі енгізілді. Сәрсенбі күні нөсер араласқан желдің күші сағатына 130 шақырымға жетті. Тұрғындарға аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға және сапарларын кейінге шегере тұруға кеңес берәлді.

Қолайсыз ауа райы көлік қатынасын бұзды: көптеген автомагистральдар, әсіресе елдің солтүстігінде жабылды. Солтүстік Голландия мен Флеволанд провинцияларында жолдарға тал құлап, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Теңізде екі кеме дауылға тап болды. Олардың бірі батып кетті, экипажы құтқарылды. Схипхол әуежайында төрт жүзден астам рейс тоқтатылды, оның ішінде Парижге, Брюссельге қатынайтын рейстер бар.

«Жел мен жауынның екпіні күшті болғандықтан және көріну нашарлағандықтан, 5 шілдеде 9:00-ден 16:00-ге дейін әуе қозғалысы шектелді. Кейінгі жаңалықтарды бақылап отырыңыздар», - деп хабарлады әуежай басшылығы Twitter-де.

Автобус қозғалысында да іркіліс баайқалды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды