Twitter компаниясы Threads үшін Meta-ны сотқа беруі мүмкін

07.07.2023, 09:18
818
Twitter компаниясы Threads үшін Meta-ны сотқа беруі мүмкін worldnewsera.com

Twitter Meta компаниясын жаңа Threads әлеуметтік желісі үшін сотпен қорқытпақ. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Twitter компаниясы Facebook пен Instagram-ға иелік ететін Meta компаниясын сотпен қорқытты. Бұған себеп – кеше ғана іске қосылған Twitter-ге өте ұқсас жаңа Threads платформасы.

Бейсенбі күні кешке Semafor басылымы хабарлағандай, Twitter заңгері Алекс Спиро сәрсенбіде Meta басшысы Марк Цукербергке ресми хат жіберіп, Meta-ны Threads желісін құру кезінде "Коммерциялық құпияларды және басқа да зияткерлік меншікті жүйелі, зиянды және заңсыз иемденді" деп айыптаған.

Жаңа бағдарламаның пайда болуына Twitter-дің иесі Илон Маск тіптен мәз емес. Пайда бола сала 30 миллионға жуық жазылушы тіркелген желіге қатысты Маск:

«Бәсекелестік дегеніміз жақсы, ал өтірік жақсы емес", — дейді Twitter-дің иесі.

Threads желісін іске қосқан Meta басшылығы бастапқыда бұл желі Twitter-ге балама болады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ BBC News-тің технология бағытындағы тілшісі Джеймс Клейтон да, Threads қосымшасы Twitter-ге сыртқы және функционалдығы жағынан өте ұқсас екенін айтқан.

Одан бөлек, Twitter заңгері Алекс Спиро өзінің хатында Meta-ны компанияның құпияларына қол жеткізіп, осы әлеуметтік желіні тура көшіру үшін бұрынғы Twitter қызметкерлерін жалдады деп айыптайды. Заңгердің сөзінше, Meta осы құпияларды пайдалануды тоқтатпаса сотқа бермекші.

Ал Threads қосымшасының баспасөз хатшысы Энди Стоун техникалық командада Twitter-дің бұрынғы қызметкерлері жоқ деп жауап берді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді