Алматы облысының Кеген ауданында сел жүрді

07.07.2023, 15:19
583
Алматы облысының  Кеген ауданында сел жүрді smartnews.kz

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүріп, жол опырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 6 шілде күні кешке қарай болған.

«Сағат 18.35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданында жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан Саты ауылынан екі шақырым жердегі Саты Сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолжын су шайғаны туралы хабар келіп түскен.

Салдарынан жолдың негізіне зақым келген. Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты», - деп жазылған департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Бұл аумақтан жоғарыда елді мекендер жоқ, халық тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ. Жолдың опырылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Оқиға орнына депаратменттің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселден қорғау» мекемесінің 2 жұмысшысы мен 1 техникасы, әкімдіктің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы шыққан», - делінген ресми мәліметте.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды