Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

07.07.2023, 16:41
672
Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды inform.kz

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make a Wish Canada қайырымдылық қорына қаражат жинау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Dimashnews.com сайтының жазуынша, қайырымдылық акциясын қазақстандық әртістің туған күніне орай Dears from the Canada & Dimash фан-клубы өткізді.

Make a Wish Canada — өміріне қауіп төндіретін аурулары бар балалардың тілектерін орындауға арналған канадалық ұлттық қайырымдылық ұйым.

1983 жылы негізі қаланған уақыттан бері Make a Wish Canada 37 000-нан астам баланың арманын орындады.

«Димаштың балаларға көмектесуге деген ниетінен шабыттанған елдің түкпір-түкпірінен келген Dears қайырымдылық көмекке үлкен қуанышпен үлес қосты. Осылайша, біз 1070 канадалық долларды (360 мың теңге) жинай алдық. Біз одан да көп балалар өз армандарын орындай алады деп үміттенеміз, өйткені үміт - сауығып кетудің кепілі», - деп бөлісті Канада мен Димаш фан-клубының Dears жанкүйерлері.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды