Әлемнің әскерилер оркестрі Астанада өнер көрсетті
7 шілдеде "Астана – мәдениет керуені" I Халықаралық әскери оркестрлердің музыкалық фестивалі аясында өнер көрсетушілердің қойылымдары Орталық саябақта, "Бәйтерек" монументінің жанында және "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өткен.
Үндістан, Жапония, Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан және еліміздің әскери музыканттары марш, танымал, джаз және классикалық шығармаларды орындаған.
“Жапония елінің Токио бенд тобы классикалық әуендерді әуелете шырқаса, Үндістаннан келген әскери музыканттар үнді классикалық музыкасына тән аспаптарды пайдаланды. Соның арқасында музыкалық ұжымдар ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін сақтаған”, - дейді Қорғаныс министрлігінің Медиа-контент орталығының тілшісі Дина Төлеубекова.
