Алматыда 230 көше жөндеуден өтпек

08.07.2023, 13:48
647
Алматыда 230 көше жөндеуден өтпек smartnews.kz

Алматы әкімдігі соңғы технологияларды қолдану арқылы қаланың басты көшелерін жөндеуден өткізбек. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыда асфальтбетон жабындысын төсеу үшін Абай даңғылы бойынша Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі 7-9 шілде аралығында көлік қозғалысы толықтай шектелмек. Бұл уақытта көліктер Есенжанов, Сәтбаев, Тілендиев, Брусиловский, Тұрғұт Озал көшелерімен айналып өтеді.

«Қозғалысты шектеу осы учаскеде полимерасфальтбетонды қолданумен байланысты. Ол 150-160 С температурада төселеді, қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек. Әйтпесе, қоспаның құрамы көлік құралдары жүктемелерінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта жарықтар мен колысулардың пайда болуына әкеледі. Жабынды төсеу жұмыстары түнде жүргізіледі, алайда жүргізілетін жұмыстардың сапасының нашарлауын болдырмау үшін бетті салқындату және тиісті қаттылық пен беріктікті жинау үшін орта есеппен 36 сағатқа шыдау ұсынылады. Бұл кезең, әдетте, күндізгі уақытқа сәйкес келеді, бұл қозғалыстың қабаттасуын түсіндіреді», - делінген Алматы әкімдігінің мәлімдемесінде.

Аталған технологияның пилоттық жобасы тағы да 15 көше үшін қолданылады. Олар: Әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғұт Озал, Сайын, Төле би, Шаляпин, Манас, Қалдаяқов, Құрманғазы, Жұмалиев, Шагабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаев. Пилоттық жөндеу біткен соң анализ жасалады. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда өзге де көшелер жөндеуден өтеді.

Осылайша бас-аяғы 230 көше жөндеуден өтпек. Олардың кейбірінің асфальт төсемі жаңартылса, кейбіріндегі коммунальдық желі реконструкциядан өтеді.

Сондай-ақ аталған жоба аясында Алматы әкімдігі жолдардың жаңаруына байланысты тұрғындардан сабыр сақтауды өтініп отыр.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл қала жолдарын жөндеу олардың бізге ұзақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Сондықтан баратын бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз», - дейді әкімдік өкілдері.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады