Кентаудағы ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталды

08.07.2023, 15:37
701
Кентаудағы ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталды smartnews.kz

Кентаудағы ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазір жылу энерго орталықта жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Мұндағы 8 қазандықтың 4-еуі жөндеуден өтсе, қалған 4-еуіне қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

«Екі қазандықтың жөндеу жұмыстарына «BI group» компаниясы демеушілік танытып отыр. Ал мердігер болып танылған «ЭМ-Холдинг» ЖШС 2 қазандықты қайта құрудан өткізеді. Қазан айының 20-сына дейін 2 қазандық, ал жаңа жылға дейін қалған 2 қазандықтағы жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарап отырмыз. Сондай-ақ 4 қазандық ағымдағы жөндеуден өтеді. Сонымен қысқы маусымға қорықпай кіре аламыз» - дейді «Кентау сервис» МКК директорының міндетін атқарушы Бақытжан Орынбасаров.

Сонымен қатар орталықтағы жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелері мен 4 кері сорғы станциясы да қайта құрудан өтеді.

Мамандардың сөзінше келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытыңдысы алынған. Бұл газ құбыры бірнеше күрделі мәселелерді шешпек. Атап айтқанда, ЖЭО мен Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету, Индустриалды аймақ, Кентау байыту комбинаты мен Кентау эксковатор зауыттарына арнайы қосылу нүктелері қарастырылған.

Мекеме басшысының айтуынша, қазір қатты және сұйық отынға бюджеттік өтінім беріліп қойған.

Жалпы, Кентаудағы ЖЭО 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2229 жеке сектордағы үй бар.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды