505

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 60 тоннаға жуық су төгілді

Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіру үшін тікұшақпен 60 тоннаға жуық су төгілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 60 тоннаға жуық су төгілді
бейнежазбадан

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 8 шілдеде теңіз жағалауындағы қамыс өртіне аэровизуалды тексеру жүргізілген.

«Каспий теңізінің жағалауына аэровизуалды тексеру жүргізілгеннен кейін қамыс өртін сөндіру үшін тікұшақпен су төгуге шешім қабылданды Бүгін, 8 шілдеде жағалаудың сулы-батпақты бөлігіндегі қамыс өртінің аумағы 450 гектарға жетті. Жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін МИ-8 тікұшағының СТҚ-5 қондырғысымен қамыс өртіне 60 тоннаға жуық су төгілді. Соның нәтижесінде жалын шарпыған аумақ 40 гектарға азайғаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 38 өрт сөндіруші, 12 техника тартылған. Ал, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер 9 техникамен көмекке келген.