Алматы көшелерін жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалмақ

09.07.2023, 10:57
721
Алматы көшелерін жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалмақ smartnews.kz

Алматыда жалпы ұзындығы 200 шақырым 230 көшені жөндеуге жергілікті бюджеттен 20 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, көше-жол желісін орташа жөндеу жұмыстары былтыр аудан әкімдіктері және тұрғындардың өтініштері бойынша қалыптасты.

«Қала бюджетінде осы жылы ұзындығы 200 км 230 көшені жөндеуге 20 млрд теңге қарастырылған. 2022 жылы ұзындығы 189 км 210 көшеге 17,5 млрд теңге соманы құрады. Бұл үшін аудандарға жалпы бюджеттен 500 млн теңге бөлінді»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Бұл ретте ұқсас жұмыс түрлері мен құрылыс материалдарының сметалық құны өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 7-10%-ға өсті. Мысалы, ҚР аумағында қолданыстағы сметалық бағалар жинағына сәйкес 2022 жылы 1 тонна қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонның құны 18 781 теңгені, 2023 жылы 21 002 теңгені (+11%), 2022 жылы 1 тонна жол битумының құны 168 642 теңгені, 2023 жылы 175 315 теңгені (+4%) құрады), ауыр бетонның құны 2022 жылы 20227 теңге, 2023 жылы - 21863 теңге (+8%), жол жұмысшыларының жалақысы санатына байланысты орташа есеппен 2022 жылы бір адамға 1648 теңге, 2023 жылы - бір адамға 2063 теңге (+20%) құрады.

«Жалпы, ағымдағы жөндеу жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ағымдағы 86%-дан 89%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті әкімдіктен.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді