614

Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында контейнер мен екі автобус жанып кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус жанып кетті
БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

photo

«Сағат 03.08-де Завод көшесі 14/3-мекенжайында «Восход» ЖШС аумағында автобөлшектерімен темір контейнер (20 шаршы метр) отқа оранды. Сондай-ақ «ПАЗ» маркалы екі автобустан түк қалмады. Оған қоса жалын Митсубиси Кантер автокөлігі базасындағы иінді көтергіш пен «Лада Веста» жеңіл көлігін ішінара шарпыды. Тілсіз жау сағат 03.45-те оқшауланып, 04.08-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

photo