Допинг қабылдаған Қазақстанның екі боксшысы спорттан шеттетілді
Ұлттық допингке қарсы орталық екі боксшыны жарыстардан шеттетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Боксшы Саматәлі Төлтаевтың оралтуринабол анаболикалық стероидін қолданғаны белгілі болған. Ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді. Еске сала кетсек, Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Ал Серік Абзал – Бангкокта өткен 2023 жылғы Азия жастар чемпионатының күміс жүлдегері. Спортшы метастеронды қолданғаны үшін 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.