Халықтың банктерге қарызы 15,5 трлн теңгеден асып кетті

10.07.2023, 12:23
844
Халықтың банктерге қарызы 15,5 трлн теңгеден асып кетті smartnews.kz

Халықтың банк алдындағы қарызы күннен-күнге өсіп келеді. Бұған қатысты Ұлттық банк басшысы түсініктеме берді.

Маусым айындағы парламенттік отырыста депутат Абзал Құспанов өзінің депутаттық сауалында халыққа несие беру мәселесін көтерді. 

"Ұлттық банк жылына 56% пайыздан аспауы керек деген шектеу халықшыл шешім емес. Бұл – халықты тығырыққа тірейтін шешім.Соның салдарынан ипотекалық және автокредиттер 25% пайызға дейін, ал қарапайым адамдар алып жатқан кепілсіз кредит 56% пайызға дейін көтеріп, халықтың белшесінен қарызға батырып отыр", - деген болатын.

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қазақстандықтардың несиелік қарызы жайлы депутат сауалына мынадай жауап берді:

"Ұлттық банк борыштық жүктеме коэффициентінің ең жоғары деңгейін 0,5 деңгейінде белгіледі. Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу және қолдану тәртібін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілейді. Ұлттық банк талдамалық мақсатта жинақталған деректер негізінде банктер берген қарыздар мен орташа айлық номиналды жалақының шамасы бойынша борыштық жүктемені бағалауды жүргізеді. 2023 жылғы 1 мамырдағы есеп айырысу нәтижелері бойынша борыштық жүктеме коэффициентінің мәні нормативтен төмен деңгейде бағаланды", - дейді Пірматов.

2023 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес, 7,9 млн қазақстандықтың несиесі бар. Қарыздардың жалпы сомасы 15,5 трлн теңгені құрайды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)