Ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін

10.07.2023, 13:11
1093
Ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін smartnews.kz

Отандық нарық монополиядан толық арылған уақытқа дейін ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін.

Мұндай ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында көтерілген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты. 

«ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, мемлекет қоғамдық маңызы бар нарықтардағы кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, қызметтеріне бағалар мен тарифтерді реттейді», - делінген құжатта.

Алайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің квазимемлекеттік секторға жататын ұялы байланыс операторларының қызметтеріне баға белгілеу құқығы жоқ.

Ведомство дерегінше, байланыс тарифтерінің күрт қымбаттауын болдырмау және оның алдын алуға осы шектеу кедергі болып отыр. Сондықтан ұялы байланыс операторларының қызметіне мемлекет тарапынан баға белгілеу ұсынылды.

«Квазимемлекеттік сектор қатысатын нарықтарда баға белгілеудің ашықтығы кезінде нарықты толық монополиясыздандыру сәтіне дейін ұялы байланыс қызметтеріне бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылады», - деп жазылған консультативтік құжатта.

Бұл бастама 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, былтыр өзінің міндеттемесіне сай сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді