Атыраудағы балалар үйіндегі жағдай: екі тәрбиеші қол көтерген, орталықта бөтен ересек адам болған

10.07.2023, 13:54
893
Атыраудағы балалар үйіндегі жағдай: екі тәрбиеші қол көтерген, орталықта бөтен ересек адам болған "Шаңырақ" балалар үйі

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Атырау қаласындағы «Шаңырақ» балалар үйіндегі балалармен кездесті.

Омбудсменнің бастамасымен балалар арасында аноним түрде сауалнама жүргізіліп, әрқайсымен әңгімелесіп, бейнекамера жазбалары зерттелді.

Нәтижесінде келесі жағдайлар анықталды: екі тәрбиешінің қол көтеруі, балалар ас үйде өткізетін уақыттың басым бөлігін ана-тәрбиешінің қатысуынсыз өткізген, кейбір тәрбиеленуші балалардың арасындағы конфликтілер, үйде бөтен ересек адамның болуы, бейнекамералар жазбаларының сақталуы мен мерзімі.

Осыған байланысты тексеру және одан әрі шаралар қабылдауы үшін облыс әкімінің орынбасарына ақпарат бердім, енді Бас прокуратураға жіберемін.

Жалпы балалар әңгімеге өте ашық екен, маған кім болғысы келетіні жайлы айтып берді, көкейінде жүрген уайымдарымен бөлісті. Нөмірімді жазып алып, хат алмасып тұратындарын айтты, - деп жазды уәкіл.

Уәкілдің айтуынша, жақында балалар үйінің директорлығына байқау жарияланады; камералар санын көбейтіліп, оларды үнемі бақылау жүргізіп отыру үшін УО-ға қосады.

«Содан кейін біз әкімдікке барып, балалар үйінің түлектерімен тұрғын үй проблемасын, тұрғын үй беру мерзімдерін, облыс енгізейін деп жатқан түлектерді қолдау бағдарламасын талқыладық.

Балалар үйіне барудан бөлек, бұған дейін маған таксиде болған қызының жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс туралы хабарласқан анамен кездестім. Дүйсенбі күні уәкілетті органдар тергеу барысын талқылайды. Содан кейін маған баласына жасалған зорлық-зомбылық туралы айтып хабарласқан тағы бір ананың үйіне бардым», - деп жазды Динара Зәкиева.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды