Келесі жылы ҰБТ тапсырушыларға өз қаламсабын алып кіруге тыйым салынады

10.07.2023, 14:27
594
Келесі жылы ҰБТ тапсырушыларға өз қаламсабын алып кіруге тыйым салынады Бейнежазбадан

Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушыларға қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биылғы ең креативті көшіру тәсілі деп костюмінің кеудесін ойып, смартфонды соған салып өткен. Оқушыны айтуға болатын шығар. Осындай тәсілмен ол смартфонның экранына «терезе» ашып қойған. Сол «терезе» арқылы ашып, жауып отырған. Әрине, біз мұны ахуал орталығы арқылы байқап қойдық. Ол талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылды.

Біз денсаулығында кінәрат бар балаларға витамин немесе дәрі алып кіруге рұқсат береміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формула жазып кірген жағдай болған», - деген орталық директоры ҰБТ-ға қатысушылар қаламсап арқылы да түрлі қитұрқылықтарға баратынын айтты.

«Тіпті арнайы қаламсаптар да болды. Осыған байланысты біз шешім қабылдамақпыз. Келесі жылы ҰБТ өткізген кезде қаламсапты да аудиторияда беретін боламыз. Биыл әр оқушыға өз қаламын әкелуге рұқсат бергенбіз. Бірақ оны шпаргалка жасыруға пайдаланған жайттарды көрдік. Осы фактілерді ескеріп, осындай шара қабылдап отырмыз», - деді Руслан Емелбаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды