Астана LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы шектеледі
Астанадағы LRT құрылысының қайта жандануына байланысты кейбір басты көшелерде құрылыс өтеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
City Transportation Systems мәлімдемесінше, 10 шілде мен 15 тамыз аралығында Сығанақ көшесі мен Арыс көпірі, Министрлер үйі маңында жол қозғалысы азайтылады.
Еске сала кетсек, Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс 2 жыл ішінде аяқтауға уәде берген еді.
LRT құрылысына биыл 50 млрд бөлінсе, жобаны аяқтау үшін барлығы 250 млрд теңге керегі айтылды.