713

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдауға келісті

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдауға келісті. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдауға келісті
azattyq.org

Столтенбергтің айтуынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы тезірек парламентке жіберуіне келіскен.

Бір жыл ішінде Анкара Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болды, ал дүйсенбіде Ердоған Брюссель Түркияны ЕО-ға қабылдау туралы келіссөзді қайта жандандырғанға дейін келісім бермейтінін мәлімдеді.

АҚШ президентінің мәлімдемесінде Джо Байден Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қабылдауына вето қоюға келісімін құптайтыны айтылған. Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель Twitter-дегі жаңалыққа «Вильнюстегі жақсы жаңалық» деп пікір білдірді.