596

Жас биологтар Халықаралық олимпиададан 4 медаль жеңді

Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Халықаралық олимпиададан жүлделі қайтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жас биологтар Халықаралық олимпиададан 4 медаль жеңді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар БАӘ-дегі Эль-Айн қаласында өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды. Жас биологтар қанжығасында екі күміс және екі қола медаль. 

Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналған. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді. 

Жеңімпаз балалар жайында «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш пікір білдірді:

«Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», - дейді әдіскер.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады. Бұл ғылыми дода елімізде алғаш рет өткізілмекші.