Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Президент қандай мәселелерді көтерді

11.07.2023, 13:31
481
Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Президент қандай мәселелерді көтерді akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесі өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Президент Астананы дамыту бойынша өзекті мәселелерін талқылау үшін жиын өтті. Тұрғындар саны тез өсіп келе жатқанмен, бұл мәселе қаланың бас жоспарында бұл жағдай толық ескерілмегенін айтты.

Қазір осы үрдіс әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіріп отырғандықтан, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелердің барын баса айтты.

«Астананы көркейту, тұрмыс сапасын жақсарту – бәрімізге ортақ міндет. Біз қаңтар айында арнайы кеңес өткізіп, біраз мәселені талқыладық, мақсат-міндеттерді айқындадық. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Енді атқарылған жұмыстарға тоқталамыз», - дейді Президент мырза.

Жиында Мемлекет басшысы бірнеше мәселелерді тізіп шықты. Біріншісі, Астананы жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қатысты. Президенттің айтуынша, Елордадағы негізгі өзекті мәселелер қаланың дамуына қатысты тиісті жоспардың, яғни дұрыс жоспарлау жұмысының жоқтығынан туындап отыр. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келеді деген мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Тоқаев жағдайдың соншалықты мүшкіл болуына жауапты басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы сеп болғанын сынға алды. Осы орайда қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс деген ескерту жасады.

Екінші мәселе – көптен өзекті боп келе жатқан су мәселесі. Мемлекет басшысы жаздың басында су тапшылығы қатты сезілгенін айтып, тұрғындардың наразылығын, олардың жолдарды бөгеп, митингке шыққанын елеусіз қалдырмады. Бұл істі мамандар “адал” атқармаған деп сөкті Президент.

«Бұл – нағыз салғырттық, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасты. Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан, кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек», - деп ескертті Тоқаев.

Президент Астанадағы халық саны өсіп келе жатқанын ескеріп, су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетінін жеткізді. Сол үшін де Тоқаев Экология министрлігіне тиісті кешенді жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы көтерген тағы бір өзекті түйткіл – қалдық суды тазарту жұмысы. Қазір қалада бір ғана кәріз тазарту қондырғысы бар, яғни оның жұмыс жүктемесі шамадан тыс болып тұрғанын айтып, тәулігіне қосымша 140 мың текше метр суды тазарту қажетін ескертті. 

«Жұмысты дұрыс жоспарламаудың кесірінен түйткілдер қордалана береді. Сондай-ақ келесі жылы төртінші сорғы-сүзгі стансасын салуға кірісу керек. Тельман елді мекеніндегі сорғы стансасынан техникалық су құбырын тартудың екінші желісінің құрылысын да бастау қажет», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, әкімдікке келесі жылдың соңына дейін қалдық суды жинақтайтын Қарабидайық көлін кеңейтіп, тазарту қондырғылары арқылы ағызылатын қалдық су Есіл өзенін ластамауды тапсырды.

Сондай-ақ, жауын-шашын болғанда көшелерді су басып кететінін айтып, бұл мәселені де тезірек шешу керегін ескертті.

Елордадағы дамытуды тежеп тұрған үшінші мәселе – тұрғын үй құрылысын ретсіз салынуы. Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Астанада 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Бірақ өкінішке қарай, құрылыс қарқыны жоғары болғанымен, сапаға көңіл бөліне бермейді. Бұл салада олқылықтар өте көп.

Жекелеген құрылыс компаниялары әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар болуға тиіс жерлерде тұрғын үй кешендерін салып тастағанына наразылық білдірді.

«Шенеуніктердің мұндай салғырттығы және жауапсыздығы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, барлық салада, соның ішінде құрылыс саласында заң мен тәртіп болуға тиіс. Мен заңсыз құрылысқа жол бермеу үшін бақылауды күшейтіп, саланы реттеуді тапсырдым», - дейді Мемлекет басшысы. 

Дауға айналған LRT құрылысын да Мемлекет басшысы сөз етпей кетпеді. Нақты мерзім ішінде тұрғындарға уәде етілген уақытта құрылыс аяқталады деп сөз берді. Аталған құрылысқа бөлінген қаражаттың кесірінен экономикалық тұрғыда көп шығындалғанмен, нәтиже жоғын сынға алды.

Қорыта келе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселелерді түйіндей келе, «Астананың мәртебесі туралы» заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажетін айтты. Осылайша заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керегін жеткізді.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады