Астанада мүгедектігі бар адамдарды инватакси емес, Яндекс таксистері тасымалдай бастады

11.07.2023, 15:03
652
Астанада мүгедектігі бар адамдарды инватакси емес, Яндекс таксистері тасымалдай бастады smartnews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаға бастамашылық жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгінде мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету бойынша көптеген сұрақтар туындап отыр.

Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватаксиді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.

Осы мәселелерді шешу және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп инватакси қызметтерін ұсыну тетігін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Елордада осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталып, оған Яндекс компаниясы қатысуға ниет білдірді.

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасын қолдана алады.

Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі болады.

Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды.

Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан шығуға қалай көмектесуге болатыны жайлы арнайы нұсқау алады.

Қызмет алушылардың бірі Гүлмира Шаймағанбетова жаңа форматта көрсетілген қызметтен алған әсерін бөлісті.

«Қазірдің өзінде екі тапсырыс жасадым. Өте ыңғайлы екен. Ең алдымен, қызмет кез-келген уақытта, соның ішінде сенбі-жексенбі күндері де қол жетімді. Кәдімгі инватакси қызметі тек жұмыс күндері және сағат 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді, сонымен қатар тапсырысты бір күн бұрын және нақты мекен-жайға беру керек. Баратын жеріміз соңғы уақытта өзгеріп жататын сәттер де болады. Енді көлік әдеттегі такси сияқты уақытылы келеді. Әзірге маған ұнады, әрі қарай қалай дамитынын көреміз», – дейді Гүлмира Шаймағанбетова.

Бірінші кезеңде пилоттық жобаға Астана және Алматы қалалары қатысатын болады, ал оң нәтиже болған жағдайда бұл қызметті ел аумағында іске асыру жоспарланып отыр.э

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды