Технологияның ерекше жемісі – цифрлық алкоголь
Қазақстандық ғалымдар көрмеде «цифрлық» алкогольдың көрсетілімін жасады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Ресейдің Екатеринбург қаласында «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті. Көрмеде қазақстандық ғалымдар «Алко-ноу-хау» жобасын көрсетті. Жобаның ерекшелігі 20-30 секунд құлаққаптағы дыбысты есту арқылы адам масаяды.
Ғалымдардың айтуынша, арнайы дыбыс жинағы нерв жүйесіне әсер ету арқылы адамды мастыққа жеткізеді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші