Түркістан облысында екі ауылдың атауы қазақшаланады
Түркістан облысындағы Чичерино және ҚазССР 40 жылдығы ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы болып аталсын. Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты ҚазССР-нің 40 жылдығы ауылының атауы Әл-Фараби ауылы болып өзгертілсін. Шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.