Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кескеніне қатысты іс Талдықорғанда қаралмайды
Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз өткеніне қатысты іс Талдықорғанда қаралмайды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Бұл жөнінде Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев мәлімдеді.
«Бұл оқиға Жетісу облысында емес, басқа өңірде болды. Сондықтан іс сол жақта қаралып жатыр. Толыққанды ақпарат алу үшін сол облыстың прокуратурасына хабарласыңыздар»,- деді Мадияр Басшыбаев.
Бірақ прокурор Серік Күдебаев ісіне қатысты сот отырысы қай облыста өтетінін айтпады.