Алматыда іске қосылған Jobfair 365 тегін платформасы жастарды жұмыспен қамтиды

11.07.2023, 20:53
520
Алматыда іске қосылған Jobfair 365 тегін платформасы жастарды жұмыспен қамтиды smartnews.kz

Алматының 8 ауданында жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Career Day бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 26 мыңнан астам жасты қамтыды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Шараның нәтижесінде кәсіби тағылымдамаға 3800 адам және одан әрі жұмысқа орналасу үшін 4900 адам шақырылды. Қаланың үздік спикерлері түрлі шеберлік сағаттарын өткізді», - деді қалалық мансап орталығының өкілі Асқар Азаматов.

Career Day-ге барлығы 850 ірі компания қатысты, олар 10 мыңнан астам бос орын ұсынды. Сонымен қатар 35 ЖОО мен 83 колледж, спикерлер мен кәсіби бағдарланған мамамандар келді.

«NEET жастардың жұмыспен қамтылуы және олардың үлесін азайту - қаланың жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі. Себебі, жастарды дамытуды қолдау жөніндегі Жол картасының негізгі индикаторы - жыл сайын 10 мың жасты жұмысқа орналастыру», - деді Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек.

Спикер атап өткендей, Жастар саясаты басқармасы Цифрландыру басқармасымен бірлесіп Jobfair 365 тегін цифрлық платформасының тест нұсқасын іске қосты.

«Платформаның міндеттері - жастар арасынан жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіру, сондай-ақ артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Бұл тәсілді жасау туралы бастаманы жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының басшылары көтерді. Бүгінде Қазақстанның 20 өңірінен 500 жұмыс беруші тіркелген, олар 1500 бос жұмыс орнын орналастырды, оның ішінде ең сұранысқа иелері: көлік және логистика саласындағы 257 бос жұмыс орны және өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласындағы 222 бос жұмыс орны», - деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, басқармада жастардың жұмыссыздығымен күресу үшін 4 өзекті мамандық - қызмет көрсету, IТ, қолөнер және soft skils бойынша жастарға арналған қысқа мерзімді курстар іске қосылды.

«Жаңа дағдыларды игеру жастарға перспективалы және қызықты мамандықты таңдауға, жұмыс табуға, қоғамдағы тәуелсіз өмірге бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 3850 жас 14 курс бойынша оқыды», - деп атап өтті Ә Қажденбек.

Басқарманың мәліметінше, Алматыда 14-35 жас аралығындағы 682 мың жас немесе тұрғындардың жалпы санының 32% - ы тұрады. Қаланың 35 жоғары оқу орны мен 83 колледжінде 255 мыңнан астам студент оқиды. Осы жылы алдын ала деректер бойынша ЖОО-ларды 42 мыңға жуық, ал колледждерді 20 мыңға жуық студент бітіреді. Бұл ретте, өткен жылдардағы тәжірибе бойынша түлектердің 80% - ы Алматыда жұмыс табуға тырысады, ал бітіргеннен кейінгі бірінші жыл ішінде 10 мыңға жуығы жұмыссыздар қатарында болады. Биылғы бірінші тоқсанда NEET санатындағы жастардың үлесі жастардың жалпы санынан 8,3% құрайды (53 мыңнан астам жас).

 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол