Қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген Бейбіт Шүменов қатаң жазаға тартылады

12.07.2023, 12:34
1124
Қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген Бейбіт Шүменов қатаң жазаға тартылады бейнежазбадан

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен төбелескенін растады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Иә, растаймыз. Қазір айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылық аса ауыр емес деп бағаланып отыр. Сонымен қатар тергеу барысы Бейбіт Шүменовтің бұрынғы кәсіби спортшы екендігі жағдайды ауырлататын мән-жай болуы мүмкін бе екендігін айқындайтын болады.

«Қызметтік тексеру жүруде. Ол қатаң жазаға тартылады. Күні кеше министр мәселені көтерді, ол жазаланады», - деді Қайрат Сүнтаев.

Министр орынбасарының айтуынша, төбелес барысында бала зардап шекпеген. Дегенмен, зардап шеккен азамат бұрынғы әлем чемпионын қылмыстық жазаға тартуын талап етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған еді. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады