Ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады

12.07.2023, 12:53
750
Ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады smartnews.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев smartnews.kz сайты тілшісінің сауалына жауап бере отырып, биыл грантқа құжат қандай тәртіп бойынша қабылданатынын түсіндіріп берді.

«Биыл біз грантқа құжат қабылдауды екі түрлі әдіс арқылы жүзеге асырамыз. Біріншісі – ол Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылдау. Осы жүйенің көмегімен талапкер өзінің құжаттарын жүктеп, жолдайды. Кейін қажетті мәліметтер жинақталып, біздің Ұлттық тестілеу орталығының базасына түседі. Яғни, портал мен орталықтың ақпараттық жүйесі өзара байланысты болады. Барлық процес онлайн режимде өтеді. Ертеңнен бастап Еgov.kz порталында грантқа құжат қабылдау бойынша арнайы қызмет іске қосылады» - деді Нұрбек Сапарқожаев.

Спикердің мәлімдеуінше, егер порталда ақау немесе интернет сапасы нашар болса, онда талапкерлер өздерінің құжаттарын оқу орнының қабылдау комиссиясына апарып, тапсыра алады.

«Құжат қабылдаудың екінші жолы – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына барып, үйреншікті жолмен құжат тапсыру. Ол да Ұлттық тестілеу орталығының ақпарттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Біз кеше жоғары оқу орындарының технакалық хатшылары, төрағаларымен жиналыс өткіздік. Оның барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл процеске барлығы дайын деп ойлаймыз», - деп мәлім етті Нұрбек Сапарқожаев.

Комитет төрағасының орынбасары техникалық ақаулар болған жағдайда, оны жою бойынша жұмыс істейтін штаб құрылғанын мәлім етті.

«Біз арнайы штаб құрдық. Ол қандай мәселе бойынша кімге хабарласу керек, қандай олқылықтар шықты, деген сұрақтармен айналысады. Штабтың байланыс нөмірлерін жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін қабылдау комиссияларына жолдадық. Олар бізбен тікелей байланыста болады», - деп түйіндеді Нұрбек Сапарқожаев.

Спикердің сөзінше, 13-20 шілде аралығында талапкерлерден құжат қабылданады.

 

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті