Биыл «Түркістан-Абу-Даби» бағытында әуе рейсі ашылады

12.07.2023, 14:39
718
Биыл «Түркістан-Абу-Даби» бағытында әуе рейсі ашылады Түркістан халықаралық әуежайның баспасөз қызметі

Биыл «Түркістан-Абу-Даби» бағытында әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Онда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстанбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде.

Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу, Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Басқосуда облыс әкімі Дархан Сатыбалды замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғандығына тоқталды.

«Халықаралық және ішкі бағыттарды көбейту керек. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланыс нашар. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытуды ұсынамын. Жауапты басқармамен бірлесе жұмыс атқарып, туристер санын арттырған жөн. Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңызды. Әуежайдың даму жоспары, стратегиясы болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 2022 жылы 373,8 мың жолаушыны құраған. Оның ішінде 81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды