Өрттің алдын алуға арналған – FireAI инновациялық жобасы жайлы білесіз бе

12.07.2023, 17:12
932
Өрттің алдын алуға арналған – FireAI инновациялық жобасы жайлы білесіз бе

Түтін мен өртті дер кезінде жасанды интеллект арқылы анықтауға арналған FireAI жобасы жайында smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгінде жасанды интеллектің арқасында қолжетімді болған озық инновацияның бірі де бірегейі – FireAI. Жобаны жасаушылардың айтуынша, FireAI-дың негізгі мақсаты – дрондар мен жасанды интеллектінің (AI) көмегі арқылы төтенше жағдайлар кезінде түтін мен өртті дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алу.

Қоршаған орта мен адам өміріне зақым түсіру ықтималдығын төмендету үшін жас мамандар өздері құрастырған заманауи дрондар мен AI алгоритмдерін пайдаланып, жобаны іске асырған. Осылайда жетілдірілген жүйе арқылы бүгінде елдегі қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданып жүрген дәстүрлі әдістерді жолда қалдырмақ.

FireAI жобасының ерекшелігі – дрондар жинаған ақпаратты AI алгоритмі талдай алады. Зерттеу барысында ормандар, өнеркәсіп орындары және қалалық ландшафттар сияқты өрт қаупі бар аймақтарда ажыратымдылығы жоғары камералар мен дрондар орналастырылады. Осылайша дрондар осы аумақтардың үстінен ұшып, үздіксіз суретке түсіру арқылы қоршаған орта туралы деректерді жинайды. Жасанды интеллектің алгоритмдері жиналған ақпаратты өңдеу арқылы түтін белгілерін анықтап, тиісті мекемелерге ақпарат пен сигналдар жіберіп отырады. 

FireAI жобасы қазіргі уақытта AstanaHub-тың қолдауымен дамып келеді. Одан бөлек жоба өз технологиясын қолданыстағы жүйелерге үздіксіз интеграциялау үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен тығыз жұмыс жасап келеді. 

Инновациялық жобалардың озық үлгісі ретінде FireAI стартапы – кері байланыс пен ресурстарды тиімді қамтамасыз ету арқылы тілсіз жауды жедел анықтап, адам мен табиғаттың өмірін сақтап қалмақ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді