686

Елден қашқаны үшін сотталып жатқан Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталып жатқан Серік Күдебаев құқық қорғау органдарымен процессуалдық келісімге келмек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елден қашқаны үшін сотталып жатқан Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді
inform.kz

Алматы облысының Кеген аудандық соты хабарлағандай, Серік Күдебаев тарапынан процессуалдық келісім жасау жөнінде өтініш түскен.

Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастыратын болды.

Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.