Оралда Jaiq Hub кеңсесі ашылды

12.07.2023, 20:01
750
Оралда Jaiq Hub кеңсесі ашылды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

12 шілдеде Орал шаһарында Jaiq Hub кеңсесінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аталған іс-шараға өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және  IT мамандары қатысты. Jaiq Hub  кеңсесінің  жұмыс жоспарымен танысқан министр бірнеше маңызды  жобаға қолдау танытатынын айтты.  

Jaiq Hub  өңірімізде инновациялық жобаларды әзірлеумен, IT саласындағы кадрларды оқытумен айналысады. Олар сондай-ақ жергілікті IT-қауымдастықтарды – стартаптар, инвесторлар, тәлімгерлер қауымдастығын құрады, оған барлық мүдделі тұлғалар қосыла алады. Инкубациялық  және  стартап жобаларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлікке оқыту, инвестицияларды тартуға көмек көрсету, қаржылық есеп және PR бойынша қолдау көрсетіледі.

"Jaiq хаб Батыс Қазақстан облысындағы  жастар мен IT қоғамдастығы үшін тартымды орталық болады деген сенімдеміз. Біз аймақта Astana Hub білім беру бағдарламаларын таратуды, стартаптар үшін инкубациялық бағдарламаны және IT қауымдастығы үшін түрлі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.  jaiq хабының ашылуы аймақтың IT секторын дамытудағы маңызды қадам болмақ.  Жастардың  арманын  жүзеге асырып,  ІТ саласында табысқа жетуге көмектесетініне сенімдіміз", - деді Astana Hub даму кеңсесінің аймақтық директоры Аида Дусова.

Өңірлерде жобаны  жаңадан бастаушыларға арналған Startup School онлайн тренингі, кодты қолданбай IT өнімдерін әзірлеу дағдыларын дамытуға арналған No Code курстары және Startup Academy технологиялық кәсіпкерлік бағдарламасы бар. Сондай-ақ, әртүрлі офлайн және онлайн кездесулер, тренингтер ұйымдастырылып, онда  табысты IT-кәсіпкерлер IT, сату, стратегия және маркетинг туралы  тәжірибелерімен бөліседі.

Айта кету керек, Astana Hub биыл бүкіл ел бойынша 17 аймақтық IT хаб ашуды мақсат етіп қойған. Бүгінде олар Jaiq хабтан басқа Қазақстанның  Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Семей қалаларында  жұмыс істейді.

Бұдан соң  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда облыс халқымен кездесті. Жиында ведомоство басшысы байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу соңында министр жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды