Қулық жасаудан кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті - Ұлттық тестілеу орталығының директоры

13.07.2023, 09:45
1129
Қулық жасаудан кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті - Ұлттық тестілеу орталығының директоры ruslan yemelbayev

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры педагогтердің білімін бағалау сынағында болып жатқан ереже бұзушылықтардың видеосын жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Руслан Емелбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Педагогтердің білімін бағалау бойынша тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты».

Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде Педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің бұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, - деп жазады ол.

Айтуынша, кейбір мұғалімдер қулық ойлап табу жағынан оқушыларды артта қалдырыпты.

ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке орай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті. Бұл фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданып, құзырлы органдарға беріледі, - дейді Руслан Емелбаев.

Сөз соңында мұндай әрекеттердің шәкіртке білім мен тәрбие беріп, саналы да сапалы ұлт қалыптастыру жолында тер төгуі тиіс мұғалім деген ұлы мамандыққа кір келтіретінін баса айтады.

Құрметті педагогтер, мұғалім болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, бүкіл ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Ал бұндай әрекеттер «мұғалім» деген атауға кір келтіреді, - деп жазған ол.
АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады