Илон Маск ChatGPT-дің бәсекелесін құрды
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск жаңа компаниясын құрды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Әйгілі Илон Маск өзі уәде еткен xAI компаниясын құрды. Бұл оның OpenAI мен өзге де бәсекелестеріне берген жауабы деуге болады. xAI компаниясы жасанды интеллект көмегімен жұмыс атқарып келе жатқан OpenAI-дан бөлек, Microsoft, Google, DeepMind және т.б. секілді алпауыттардың инновациялық жобаларымен бәсекеге түспек.
xAI компаниясының веб-сайтында «xAI-дың басты мақсаты – Ғаламның ақиқатын түсіну» деп көрсетілген. Масктың айтуынша, айтулы жоба жасанды интеллектінің мүмкіндігін жаңа қырынан ашпақ.
Еске сала кетсек, бұған дейін көктемде Илон Маск ChatGPT-ге қатысты пікірін білдірген еді. Ол нейрожелі мен жасанды интеллектінің мұндай қарқыны адамзаттың дамуына зиян деп айтқан.
Материал авторы