Динара Закиева Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды талап етті

13.07.2023, 12:55
1394
Динара Закиева Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды талап етті zakiyevadinara

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Омбудсмен боксшы өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Оның пікірінше, Бейбіт Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

«Балаға қауіп төнгені әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сондықтан тұлғаны (кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті – автор) қосымша Қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша («Қорқыту») жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда адамды жауапқа тартуды көздейтін бап жоқ, - деп жазды Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында.

Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетінін атап өтті.

Жалпы кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын, - деді омбудсмен.

Айта кетейік, оқиға 18 маусымда Астанада болған. Танымал боксшы ойын-сауық орталығында жанжал шығарып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан еді.

Сондай-ақ боксшыны жауапқа тартпаған полицейдің жазаланатыны да хабарланды.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады