«Ешқандай тәртіп жоқ»: Министр Асхат Оралов құмар ойындарының тым көп жарнамалануына шүйлікті

13.07.2023, 13:29
592
«Ешқандай тәртіп жоқ»: Министр Асхат Оралов құмар ойындарының тым көп жарнамалануына шүйлікті smartnews.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ойын бизнесі мәселесі бойынша ақпараттық кеңес өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін министр Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізіп, жиында лудоманиямен күрес мәселесі қаралды.

Қоғамдық талқылар мен әлеуметтік желіде кеңінен тараған проблеманың бірі – құмар ойынынп елітетін жарнамалардың көптігі. Еліміздегі мегаполистер мен үлкен қалалардан бөлек, ауылды аймақтардың өзінде жөнсіз ойын бизнесі жайында жарнама толып тұр.

Аталған мәселеге қатысты министр мынадай ұсыныс тастады:

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек»,- дейді министр.

Сондай-ақ, Асхат Оралов бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айта кетті. Соңғы 2,5  жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайған. Қазіргі уақытта 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатқанын, ал жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынғанын мәлімдеді.

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды