Балағаттайды, рульде отырып телефонмен сөйлеседі: Алматылықтар қоғамдық көлік жүргізушілеріне шағымданды

13.07.2023, 14:40
614
Балағаттайды, рульде отырып телефонмен сөйлеседі: Алматылықтар қоғамдық көлік жүргізушілеріне шағымданды smartnews.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа Бостандық ауданының тұрғыны автобус жүргізушілерінің үстінен шағымданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілері рульде отырып телефонмен сөйлеседі, балағаттайды, темекі шегеді.

«Автобус жүргізушілері өздерін дөрекі ұстайды, біздің өмірімізге қауіп төндіреді. қашан бұларда тәртіп болады?»,- деп сұрады Бостандық ауданының тұрғыны.

Мегаполис әкімі бұл мәселенің екі жағы бар екенін айтты.

«Бірінші, қызмет көрсету сапасына байланысты. Қалада бір ғана мемлекеттік оператор – «Алматыэлектротранс» және 24 жеке оператор бар. Бізде жеке операторларға қатысты шағымдар жетерлік. Мемлекет басшысы Алматыға келген соң индустрия министрлігіне, көлік комитетіне тасымалдау жөніндегі қолданыстағы шарттарды қайта қарауды тапсырды, демек жауапкершілік артады деген сөз. Жауапкершілік барлығына қатысты, жүргізушілерге де, автобустың жағдайына да. Күзде ережелер өзгереді деп үміттенеміз және олардан барлық қажетті мәселелерді ресми түрде талап ете аламыз. Яғни, біз жекеменшіктерді де, мемлекеттік операторларды да халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай деңгейіне жеткізгіміз келеді»,- деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, тағы бір мәселе – жүргізушілер тапшылығы мен оларға тиісті жағдайдың жасалмауы.

«Екінші жағы. Бізде бұрылатын, демалатын пункттер жоқ. Биыл 10-пункт, ал келесі жылы тағы 10 пункт ашамыз. Демек, жүргізушілерге маршрут аяқталғаннан кейін демалуға мүмкіндік туады. Жүргізушілердің тапшылығына қатысты мәселе де өзекті. Біз олардың жеткілікті санын қамти алмаймыз, үміткерлерге тиісті біліктілікті алу қиын. Тағы бір себеп жатақханалардың болмауы, себебі жүргізушілердің 80 пайызы Алматыда тұрмайды. Сондықтан біз жүргізушілердің сапалы қызмет көрсетуін талап ету үшін оларға да жағдай жасағымыз келеді»,- деп түсіндірді мегаполис басшысы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, барлық қолда бар факті бойынша әкімдік, қалалық мобильділік басқармасы қажетті шараларды қабылдауға дайын.

«Жолаушының шағымы бойынша айыппұлдар мәселені өзгертпейді. Сіз дұрыс байқағансыз, жүргізушінің жұмысы өте жауапты. Автобуста жолаушылар көп болған кезде жүргізушілердің еңбек жағдайлары мен жалақылары да соған лайық болуы тиіс»,- деп түсіндірді қала әкімі.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол