ІІМ «Дикий Арман» ісіне қатысты жүргізген арнайы операциялар туралы ресми мәлімдеді

14.07.2023, 09:29
1093
ІІМ «Дикий Арман» ісіне қатысты жүргізген арнайы операциялар туралы ресми мәлімдеді politic.kz

Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздікке қатысы бар деп танылған Арман Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық топтарын жою ісі жалғасуда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Бас прокуратура бірігіп, Қаңтар оқиғасына белсенді қатысқан “Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобын ұстау, әрі әшкерелеуге қатысты бірқатар арнайы операциялар жүргізіп келеді.

Бұған қатысты ведомство тілшісі Шұғыла Тұрлыбек іске қатысты ақпараттың бірқатарын былай деп жария етті:

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокаттардың қызметтерін қаржыландыра отырып, құқыққа қарсы қызметпен айналысуын жалғастырып келеді. Тергеу процесінің қатысушыларына БАҚ пен интернет желісі арқылы қысым көрсетіп жатыр», - делінген тілші хабарында.

Сондай-ақ әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесу үшін ІІМ үш кезеңнен тұратын арнайы операцияларды жүргізген. 

Бірінші кезең – халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада “Нойс” деген лақап атымен белгілі, Арман Жұмагелдиевтің “оң қолы” басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға бағытталған. 

Дәлірек, осы кезеңде 19 сәуір күні Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда орын алған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталған. 

Екінші кезең – криминалдық ортада “Карась” лақап атымен белгілі “Дикий Арманның” тағы бір көмекшісі бақылайтын ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыру жолдары жойылған. 

Бұған қатысты 25-26 сәуір аралығында Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында 130-дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз ойын бизнесіне және аталған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға қатысы бар 53 фигурант ұсталған. 

Осы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша екі қылмыстық іс тіркелген. Мамыр айында қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 266-бабымен қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 

Сондай-ақ 12 шілдеде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Бас прокуратура бірлесе отырып, операцияның үшінші кезеңін іске асырған. 

Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан қалаларында “қаңтар оқиғасы” кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан 18 фигурант ұсталған. 

«36 тінту іс-шарасы жүргізіліп, бірнеше шолақ қару, тапаншалар, пышақтар, кастет, діни әдебиет, сондай-ақ тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілердің киімдері тәркіленді», - делінген ресми мәлімдемеде. 

Сондай-ақ бұл ұйымдасқан қылмыстық топтардың жұмысын тоқтату, әрі әшкерелеу бойынша жедел іс-шаралар әлі де жалғасып келеді. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс бұл іске қатысты өзге де ақпараттар тергеу аяқталмайынша жарияланбайтынын мәлімдеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды