Оралда жол апатынан жеті бала зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды

14.07.2023, 16:33
780
Оралда жол апатынан жеті бала зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды БҚО полиция департаменті

Оралда жол апатынан 10 адам зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 шілде күні Зачаган кентінде Саратов тас жолы мен Е.Брусиловский көшесінің қиылысында болды.

«Шамамен сағат 17.15-те 1991 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережесін қамтамасыз етпеген. Содан 1989 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада Ларгус» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі және 1989, 1993 жылғы жолаушылары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған қоса осы автокөлікте отырған 2010, 2011, 2013, 2015, 2017, 2020 және 2021 жылғы балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

photo

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні сағат 17.45-те жедел жәрдем бригадасымен жеті бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігер мамандар қарап, рентгенография, зертханалық зерттеулер және бүкіл қажетті тексеру жүргізген. 2017 жылғы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қалғандарына қажетті көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Облыстық ауруханаға түскен үш адамның жағдайы анықталу үстінде.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады