Астанада интернет дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды

14.07.2023, 17:37
510
Астанада интернет дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды polisia.kz

Астанада интернет дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер Астанада синтетикалық есірткіні өткізуге қатысы бар интернет дүкендерді жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Заманауи жастар арасында жаңадан шыққан синтетикалық есірткі мен психикалық белсенді заттарды қолдану сәнге айналып, өкінішке орай кеңінен насихатталуда. Бұны есірткі делдалдары пайдаланып, интернет ресуртары арқылы тыйым салынған заттарды жаппай өткізуде.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қабанбай батыр көшесінде тікелей байланыссыз интернет дүкен арқылы есірткіні өткізген 19 жастағы астаналық жас жігітті анықтады. Есірткіні өткізуші халық көп жиналатын орындарға, орталық саябаққа жасырып қойып кету арқылы есірткіні белгілі бір жерлерге қалдырып отырған.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт қылмыс жасағанын мойындаған және интернет дүкеннің жұмыс жүйесі туралы және ол жерден алатын заңсыз сыйақы туралы айтып берген.

Жеке тінту барысында одан ішінде синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған мефедрон синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 40 грамм немесе 150 рет қолданылатын доза.

Қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы елорда тұрғыны Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні өткізуге бірге қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған