«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды
Бүгін еліміздің ІІМ-нің баспасөз қызметі "Дикий Арман" бастаған қылмыстық топтың 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Олардың ішінде танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтыскердің өзі болған жағдайға қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны белгілі болды.
Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жариялаған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады.